Таяуда оңтүстік тұрғындары шалғай аудандарға әуе жолы арқылы қатынауы мүмкін.

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.07.2016 18:18 Zakon.kz
Көп салалы ұшақтың су бетіне қонып, тіпті асфальт төселмеген қара жерге де қонуға мүмкіндігі бар.

Таяуда оңтүстік тұрғындары шалғай аудандарға әуе жолы арқылы қатынауы мүмкін. Бүгін ОҚО әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев канадалық "Викинг ЭЙР" компаниясының ұсынған ұшағының таныстырылымына қатысты. Шымкентке келген компания өкілдері "Twin otter 400" ұшағының 19 орынға лайықталғанын, сондай ақ, әуе кемесінің тек жолаушыларды тасымалдап қана қоймай, жүк тасымалымен де айналысатынын жеткізді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Көп салалы ұшақтың су бетіне қонып, тіпті асфальт төселмеген қара жерге де қонуға мүмкіндігі бар. Егер де біздің еліміз бен Канада елінің компаниясы арасында келіссөздер жақсы нәтиже берсе, осы ұшақтардың алғашқы бағыты Шардара болмақ. Одан кейінгі бағыттар Мақтарал мен Созақ аудандары болуы мүмкін. "Викинг Эйр" компаниясы өкілінің айтуынша, олар біздің елімізбен жұмыс жасауды көптен бері жоспарлап келген екен. Сонымен бірге, Қазақстаның экномикалық әлеуеті азаматтық авиация тұрғысында өте жоғары деп есептейді. Айта өтейік, ұшақтың құны 7 млн. АҚШ долларын құрайды.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: