Арыстағы диірменнің өнімі көбейді

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.07.2016 20:08 Фото: zakon.kz
Диірмендегі қондырғылардың көмегімен он бес минуттың ішінде ұн дайындалады. Автоматтандырылған аппарат жұмыстың +0 пайызын өзі атқарады.

Арыс қаласындағы ұн диірменінде шығарылатын өнім көлемі ұлғайды. Енді мұнда тәулігіне 120 тонна бидай өңделеді. Оңтүстікте шығарылатын тауар жылдың соңына дейін шетелге жіберіледі деген жоспар бар. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Диірмендегі қондырғылардың көмегімен он бес минуттың ішінде ұн дайындалады. Автоматтандырылған аппарат жұмыстың +0 пайызын өзі атқарады. Қазір мұнда 10 адам жұмыс істейді. Диірменде тәулігіне 90 тонна ұн, 120 тонна бидай өңделіп шығады,-деп жазады otyrar.kz.

Бұл жобаның жалпы құны 163 млн теңгені құрайды. Алғаш кәсіпорын жұмысын өз күшімен бастаған. Диірменнің көлемін ұлғайту мақсатында серіктестік басшысы «Даму-Өндіріс-2» бағдарлама аясында несие алған. Бірақ, ұн өңдеуде бұл қаражат жетпепті. Тағы да көмек алуға әзір. Бірақ, жолына кедергі болатын тұстар көп. Дегенмен, диірменнің қуаттылығы өз қарқынында. Енді мұнда шығарылатын бидай мен ұн шет елге жіберілмек.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: