ОҚО «жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен жұмысқа тұрған азаматтардың саны артуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.08.2016 20:15 Zakon.kz
Шымкент аграрлық колледжіне жолданған азаматтар бүгінде дипломын алып, ауданға оралды. 15 азамат санитар – ветеринар, фельдшер – ветеринар мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналасты.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3 бағыты бойынша биыл Ордабасы ауданының ветеринарлық қызметіне 30 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдарлама аясында 2012 -2013 жылдары кәсіби даярлауға Шымкент аграрлық колледжіне жолданған азаматтар бүгінде дипломын алып, ауданға оралды. 15 азамат санитар – ветеринар, фельдшер – ветеринар мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналасты.

Жалпы аудан бойынша жыл басынан «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға 1076 адам өтініш білдіріп, барлығы бағдарлама құрамына тартылды.

Жаңа және бос жұмыс орындарына 544 адам жолданды. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша 220 жұмыс орны ашылса, босаған 324 жұмыс орнына азаматтар жолданып, барлығы тұрақты жұмысқа орналасты.

Айта кету керек, өңірде соңғы жылдары әлеуметтік бағдарламалар сәтті жүзеге асып, екі қолға бір күрек іздеген жандар жұмысқа тұрды. Сонымен қатар, біліктілікті арттырып, компьютерлік сауаттылықты ашатын курстар да үзбей жұмыс істейді.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: