ОҚО мемлекеттік қызмет істері департаменті алғашқы жарты жылдықты қорытындылады

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.08.2016 17:17 Фото: zakon.kz
Баспасөз жиында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша да жұмыстардың барысы баяндалды. А.Мыңбасыұлының айтуынша, алты айда осындай тұлғалардан 181 өтініш түсіп, тиісті жауаптар берілген.

Бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ОҚО департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Абдулла Есімханов журналистермен баспасөз конференциясын өткізді. Аталған департаменттің 2016 жылдың І жарты жылдығы мен Әдеп кодексінің нормалары бойынша баяндаған басшы орынбасары жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңестің 5 отырысы өтіп, онда 50 мәселе қаралғанын жеткізді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңестің шешімі негізінде, мемлекеттік орган басшыларымен 31 тәртіптік жаза қолданылған.

«Жергілікті атқарушы органдарда азаматтардың өтініштерін қарау кезінде лауазымды тұлғалар өздерінің іс-әрекетімен «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51 бабының 1 тармағындағы мүдделер қақтығысының орын алуына жол берген деректер анықталған. Атап айтқанда, белгілі болған Сарыағаш ауданына қарасты Біртілек ауылдық округінің лауазымды тұлғасы, Мақтарал ауданына қарасты Жылы су ауылдық округі әкімі аппаратының лауазымды тұлғасы және Отырар ауданының білім бөлімінің бас маманына бүгінде тиісті шаралар қабылданған», - деді А.Есімханов.

Баспасөз жиында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша да жұмыстардың барысы баяндалды. А.Мыңбасыұлының айтуынша, алты айда осындай тұлғалардан 181 өтініш түсіп, тиісті жауаптар берілген. Ал жеке және заңды тұлғалардың 65 өтініші бойынша 43 жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, нәтижелері бойынша қорытынды - анықтамалар түзілген.

Сондай-ақ, басқосуда белгілі болғандай, жыл басынан бері Әдеп жөніндегі Уәкілге мемлекеттік қызметшілер мен жеке тұлғалардан 68 өтініш келіп түскен. Олардың 53-і аудандар мен қалаларда. Негізінен, әдеп кодексі мен мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша келген сұрақтарға тиісті жауаптар беріліпті.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: