Премьер-Министр полиция даярлау және техникалық жабдықтау деңгейін тексерді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.08.2016 22:09 Zakon.kz
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Тараз қаласында жергілікті полиция қызметінің базасына барды.

Тараз қаласында облыстық ІІД ғимаратының алаңқайында Премьер-Министрді Жамбыл полициясының бүкіл құрамы күтіп алды. Жергілікті облыстық полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Б.Бейсеевтің мәлімдеуінше, ІІД қызметкерлері негізінен құқық бұзушылық пен қылмысқа басты назарын аударады. ІІД штаттық саны облыстық бөлімшесінде 1280 адам қызмет етеді. Бұған учаскелік полиция инспекторлары, учаске көмекшілері, кәмелетке толмағандар жұмысы бойынша инспекторлары, жол-патрульдік полициясы кіреді. Бұл туралы zakon.kz, Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Қазақстанда жергілікті полиция қызметі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастады. Жергілікті полиция міндетіне құқық бұзушылықтан бөлек қоғамдық тәртіпті қорғау, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша iс жүргiзу және сотқа дейінгі қылмыстық құқық бұзушылықты тексеру.

Анықтама үшін:

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2015 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. Бұл заң «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған, сәйкесінше елімізде жергілікті полиция қызметі құрылды.

Облыстың жергілікті полиция қызметінің басшыларын тағайындау ІІМ ұсынған, мәслихат депутаттарының келісімімен облыс әкімдері арқылы жүзеге асады. Жергілікті полиция қызметінің жұмысы құқық қорғау органдары халықтың сенім деңгейін арттыруға, өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Заңда жергілікті қауымдастықтар алдында жергілікті полиция қызметі басшыларының есептілігі бекітілген.

Фото: www.inform.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: