Қостанайлық полицейлер 14 жастағы қыздың көзіне оқ атқан жігітті әлі іздеп жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.08.2016 17:34 Zakon.kz
Полиция күдікті 1998 жылғы Арзул Гаджиев Сахиб-Оглының суретін таратты.

Қостанай облысы ІІД полицейлері бір жарым ай бойы 14 жастағы қыздың көзіне оқ атқан 18 жастағы жігітті іздеп жатыр. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 106-бабы « Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BNews.kz.

Полиция күдікті 1998 жылғы Арзул Гаджиев Сахиб-Оглының суретін таратты.

«Бұзақының кім екені анықталды, оған іздеу жарияланды. Полиция жас жігітті ұстау бойынша іс-шаралар кешенін өткізіп жатыр», - деп мәлімдеді Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Естеріңізге салып өтсек, 5 шілде күні Қостанайда түнгі ондар шамасында 18 жастағы бозбала аулада құрбыларымен ойнап жүрген 14 жастағы қыздың көзіне оқ атқан. Жігіттің қандай қарудан оқ атқаны және оны қайдан алғаны әлі күнге дейін белгісіз. Көзіне оқ тиген қыз алдымен Қостанайда, кейін көршілес Ресейде ем қабылдады.

«Біздің дәрігерлер де, ресейлік мамандар да көз шарасындағы оққа тиіскен жоқ. Себебі оқты алған кезде миға зақым келуі мүмкін. Әзірге баланың көзі көрмейді», - деп нақтылады облыстық офтальмологиялық ауруханадан.

Қостанайлық полицейлер бұзақыны көрген-білгендер болса, дереу хабарласуды сұрайды.

Фото: www.segodnya.ua

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: