ОҚО-да Конституция күнінде «Айкөркем» балабақшасы ашылды

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.08.2016 17:35 Фото: zakon.kz
Бұрынғы ескі мектепті балабақшаға лайықтап, қайта күрделі жөндеуден өткізген нысан қожайыны балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамтығаннан бөлек, жергілікті 8 адамға жұмыс беріп отыр.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округіне қарасты Абай елді мекенінде 50 орындық жеке меншік «Айкөркем» балабақшасы ашылды. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа балабақшаның ашылу рәсіміне аудан әкімі Мақсат Исаев, депутаттар мен ауыл тұрғындары қатысты. Нысанның салтанатты ашылу сәтінде сөйлеген аудан басшысы М.Исаев: «Ауданда «Балапан» бағдарламасының орындалу барысы жоғары деңгейде Бұл биылдыққа аудан көлемінде ашылып отырған бесінші балабақша. Таяуда тағы да 280 орындық балабақша ашатын боламыз» - деп жиналған көпшілікті Конституция күнімен құттықтады.

Бұрынғы ескі мектепті балабақшаға лайықтап, қайта күрделі жөндеуден өткізген нысан қожайыны балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамтығаннан бөлек, жергілікті 8 адамға жұмыс беріп отыр.

Айта кету керек, жаңа оқу жылында аталған Абай елді мекенінде 150 орындық білім ошағы пайдалануға берілмек. Бүгінде ондағы 88 шаңырақта 576 азамат тұрады. Аудан орталығынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: