ОҚО әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жастар істері жөніндегі кеңес өткізді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.09.2016 22:48 Zakon.kz
Кеңестің мақсаты - облыстағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы. Сонымен қатар облыс жастарының проблемаларын шешу жолдарының тиімді механизмдерін талқылап қана қоймай, нақты жүзеге асыру.

2016 жылғы 2 қыркүйек күні Шымкент қаласы, облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың төрағалығымен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп жазады zakon.kz.

Кеңестің мақсаты - облыстағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы. Сонымен қатар облыс жастарының проблемаларын шешу жолдарының тиімді механизмдерін талқылап қана қоймай, нақты жүзеге асыру.

Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, облыстық мәслихат депутаттары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлім меңгерушілері, аудан, қала «Жастар ресурстық орталығының» директорлары, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері, түрлі салалардағы жұмысшы жастар мен облысымыздың белсенді жастары қатысты.


Кеңес барысында идеология бойынша аудан, қала әкім орынбасарларының мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы бойынша есептері тыңдалды. Сонымен қатар облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Б.Жанәбіл «Облыстағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы» туралы және аудан, қала әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестердің жұмысы туралы баяндамасы тыңдалып, жастар тарапынан қордаланып жүрген мәселелер мен жастардың көкейлерінде жүрген сауалдар қойылды.

[thumb=none]/uploads/posts/2016-09/1473158767_img_2088.jpg

Сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін нығайту мақсатында кеңес мүшелерінен ұсыныстар айтылды.

Өткізілген кеңес отырысы және қойылған сұрақтар мен ұсыныстар бойынша арнайы хаттамалық тапсырма беріліп, облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков шешім шығарды.



Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: