Лента новостей
0

Патриоттық актідегі жеті тұғыр Ассамблеяның басты бағдары

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.09.2016 20:09 Zakon.kz
Қазақстан халқы Ассамблеясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен өте тығыз қарым-қатынаста бірнеше бағытта берекелі жұмыс істеп келеді.
ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіндегі жеті тұғыр ассамблея қызметінің басты бағдары ретінде атқарылатын іс-шаралардың өзегі болып айқындалғанын айтты. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық ассамблея жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топтың тұрғындармен түрлі форматта кездесулер ұйымдастырғанын жеткізген хатшылық меңгерушісі ел бірлігін бекемдеу, Ұлт жоспары пен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін дәріптеу мақсатында 189 іс-шара ұйымдастырылып, оған 215 мыңнан астам тұрғынның қамтылғанын хабарлады.

Брифинг барысында облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі өңірдегі этносаралық ахуалға тоқсан сайын зерттеулер жүргізіліп, сараптама жасалатынын, сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 97,7 пайызы өздерін біртұтас Қазақстан халқының өкілі екендігін мақтан тұтатындығын айтып, бұл осы саладағы жүйелі жұмыстың мақсатты түрде нәтижелі іске асып келе жатқанын аңғартады деді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен өте тығыз қарым-қатынаста бірнеше бағытта берекелі жұмыс істеп келеді. Соның бірі ұлттық мектептерде көптілділік жүйені, мемлекеттік тілді дамытуға байланысты бекітілген іс-шаралар, мемлекеттік қызметкерлердің сала бойынша біліктіліктерін арттыру, этносаралық қарым-қатынас бойынша мониторинг жүргізу жөніндегі жобалар жүзеге асуда.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: