Шымкентте 8 жасар қыз науқас бала үшін бұрымын сатпақ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.10.2016 17:37 Zakon.kz
Әр қатысушы шын жүректен өз үлесін қосып бағуда. Шымкентте концерт өтіп жатқанда, Виола мен оның анасы Яна Астанада ауруханада болды.
Шымкентте қайырымдылық концертте Виола Баланға көмек ретінде миллионнан астам қаражат жиналды. Виолаға сирек кездесетін жүрек ақауы - Шона синдромы диагнозы қойылған, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА, tvk-uko.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп.

Оны емдеу мен сауықтыруға 108 630 еуро жинау қажет. Қайырымдылық шараны ұйымдастырушылар «7 құрлық» би ұжымының басшылары. Екі апта ішінде олардың жүгіруімен жәрмеңке, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

8 жасар Диана Мамитова Виолаға көмектесу үшін бұрымын қиып, сатуды шешті.

«Бұрымымды кесіп, сатып, Виолаға ақша беріп, көмектескім келеді», - деді ол.

Әр қатысушы шын жүректен өз үлесін қосып бағуда. Шымкентте концерт өтіп жатқанда, Виола мен оның анасы Яна Астанада ауруханада болды. Бір апта бойы оны елдің мықты дәрігерлері қарауда. Оны Германияға емделуге жіберуге дайындауда.

Фото: www.inform.kz
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: