Лента новостей
0

Қызылорда облысында инновациялық өндіріс орындары үшін мамандар даярлануда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.10.2016 17:50 Zakon.kz
Қызылорда облысында соңғы 4 жылда білім саласын қаржыландыру екі есеге өсті. Тек биылдың өзінде облыстық бюджеттен білім беру саласының қажеттіліктері үшін шамамен 75 млрд теңге бөлінді.
Қызылорда облысында инновациялық өндіріс орындары үшін мамандар даярлануда. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы жөніндегі республикалық конференцияда айтты, деп жазады zakon.kz.

- Автоматтандыру автокөлік компаниясының менеджері үшін жоғары ақы төленетін жұмыс орны болуы мүмкін, бірақ ондаған мың жүргізуші үшін бұл жұмыс орнынан айырылумен тең. Біздің міндетіміз осы болашақ өзгерістерді қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану, табысты адамдар санының артуын қамтамасыз ету. Ол үшін бізге қазірден бастап білім жүйесін қайта құру және мамандар дайындау ісін қолға алу, инфрақұрылымды жаңалап, жаңа жұмыс орындары мен қазақстандық инженерлердің жаңа буынын қалыптастыру жолындағы ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруымыз қажет. Сондықтан инвестицияның басым бөлігін білім саласына құю керек,- деп атап өтті аймақ басшысы.

Қызылорда облысында соңғы 4 жылда білім саласын қаржыландыру екі есеге өсті. Тек биылдың өзінде облыстық бюджеттен білім беру саласының қажеттіліктері үшін шамамен 75 млрд теңге бөлінді. (жалпы облыс бюджетінің 38%). 2013-2015 жылдар аралығында аймақта 43 білім беру нысаны салынып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Қырымбек Көшербаев білім беру жүйесін уақыт талабына сай бейімдеу үшін атқарылуы тиіс шараларды атады.

Облыс әкімінің пікірінше мамандардың сұранысқа ие жаңа буынын даярлау үшін мектептер мен балабақшаларда арнайы техникалық кәсіпкерлік және шығармашылық сабақтарын балаларға оқыту бағдарламасын енгізу қажет.

-Жаңадан арнаулы физика-математикалық орта мектептер құру маңызды. Бүгінгі күні Қызылорда облысы бойынша 27 зияткерлік мектеп жұмыс істейді. Бізде қазір инжиниринг және өнеркәсіптік дизайн саласындағы мамандар қат болып тұр, -деді Көшербаев.

Еске сала кетейік, облыс басшысының бастамасымен сырбойылық түлектер болашақта табысты жұмыспен қамтуға кепіл болатын болашағы зор мамандықтар бойынша Ресей Федерациясының үздік жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды.

Фото: tourlib.net

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: