Лента новостей
0

Кентауда "менің ағашым менімен бірге өседі" тал егу шарасы өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.11.2016 17:25 Zakon.kz
Іс-шараға қала зиялылары, ұстаздар мен 1 сынып оқушылары қатысты.
Кентау қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу іс-шаралар жоспарына сәйкес 1 сынып оқушыларының тал егу шарасы өткізілді. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап

Іс-шараға қала зиялылары, ұстаздар мен 1 сынып оқушылары қатысты.

Биылғы оқу жылында қаладағы 23 мектепке 1 сыныпқа 2019 окушы барса, осыған сәйкес, акция аясында, тиісінше, 2019 түп ағаш отырғызылды.

Ондағы мақсат - жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және табиғатты аялауға баулу. Сол себепті, бірінші сыныптың оқушылары мектепті бітіргенше өздері еккен талдарға қарайтын болады.

Осындай тақырыпта Кентау қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу іс-шаралар жоспарына сәйкес 1 сынып оқушыларының тал егу шарасы өткізілді.

Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары көшет отырғызды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы «Қазына» этно-тарихи кешені аумағына өңірдегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай көшет отырғызды.

Этностарды қоғамдық бастамаларға ұйыстыру, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту, патриотизмді дамыту, халқымыздың рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етуді мақсат еткен игі шара - ұлысымыздың ұйытқысы атанған оңтүстікті жасыл желекке айналдырып, көркейтуді көздейді.

Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді этнос өкілдері атсалысты. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіндегі жеті тұғырды нәтижелі іске асыруды өздеріне мерейлі міндет санайтын ассамблея мүшелері Ұлт жоспарының 86-қадамындағы өңірлік мәдени-туристік кластерін құруды бүгінгі іс-шарамен тығыз байланыстырады.

Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысында этномәдени бірлестіктер жұмыла кірісіп, қоғамдық істерге белсене атсалысады. Мұндай іс-шаралар аймақтағы ұлттар мен ұлыстардың береке мен бірлігін арттыра түсуге, ынтымағын арттыруға айтарлықтай ықпал етеді.

Фото: ontustik.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: