Лента новостей
0

СҚО-да бірнеше пәтер тонау әрекетіне күдікті азамат ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.11.2016 15:27 Zakon.kz
Батыр Баян көшесінде тұратын тоналған азаматтардың бірі өздерінің таныстарын жолға шығарып салу үшін жолдасы екеуі бір-екі сағатқа вокзалға барып келгендерін айтады. Ал, үйге келгенде пәтерді тонап кеткенін көрген.
Петропавл қаласының тәртіп сақшылары қалада бірнеше пәтерді тонап кетті деген күдікпен 44 жасар тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-не сілтеме жасап.

Петропавл қаласының бірнеше тұрғынынан пәтерлерін тонап кеткендігі жөнінде шағым түскен. Ұры нысанаға алған үйлерге терезе арқылы кіріп, қымбат тондар мен әшекейлік бұйымдарды, ақша мен гаджеттерді қолды етіп отырған. Қылмыс үй иелерінің жұмыста болған уақытында немесе олардың қандай да бір шаруаларымен кетіп қалған кездерінде жасалған. Ұры пласти терезелерді күштеп ашып кіретін болған.

Батыр Баян көшесінде тұратын тоналған азаматтардың бірі өздерінің таныстарын жолға шығарып салу үшін жолдасы екеуі бір-екі сағатқа вокзалға барып келгендерін айтады. Ал, үйге келгенде пәтерді тонап кеткенін көрген.

Қалалық ІІБ-ның Қылмыстық полиция қызметінің өкілдері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Соның нәтижесінде Петропавл қаласының 44 жасар тұрғыны ұсталды. Оны тексере келгенде бөтеннің мүлкін қолды еткені үшін бұрын да бірнеше рет сотталғаны анықталды. Ол өзінің ұрлықтарға қатысы барын жасырмады. Қазір оған пәтер тонаудың 7 әрекеті бойынша айып тағылып отыр.

«ҚР ҚК-нің 188-ші бабының 2 бөлімі бойынша (бөтенің мүлкін құпия түрде ұрлады) қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ұсталған күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды»,-деді Петропавл қаласы ІІБ-ның екінші бөлімінің аға тергеушісі Наталья Милешина. Жыл басынан бері СҚО-да 1207 пәтер тонау әрекеті тіркелді.

Ұрлықтарды ашу көрсеткіші 80 пайызды құрап отыр.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: