Лента новостей
0

Күзгі маусымда 6 мыңнан астам қазақстандық әскерге шақырылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.11.2016 23:39 Zakon.kz
Бұның алдында ҚР Қорғаныс министрлігі Қарулы күштер жүйесінде жемқорлықтың басым дені әскери билетті беру кезінде орын алатындығын хабарлаған болатын.
Әскерге шақырылған азаматтардың 77,1 пайызы мерзімдік әскери қызметке жарамды болып шықты. Бұл жөнінде ҚР Қорғаныс министрлігінің «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мәлім етілді.

«1 қазаннан бастап, әскери бөлімшелерді және Қарулы күштер мекемелерін, өзге де әскерлер мен Қазақстандағы әскери құрылымдарды жас сарбаздармен толықтыру мақсатында мерзімдік әскерге шақыру комиссияларының жұмысы басталды. Жалпы Қарулы күштерге, өзге әскерлерге және Қазақстанның басқа да күштік құрылымдарына күзгі шақыру кампаниясы кезінде медициналық комиссиямен әскерге жарамды деп танылған 6 мыңнан астам қазақстандық әскерге шақырылды», - делінген ресми жауапта.

2016 жылы әскерге 1989-1998 жылдары туған азаматтар шақырылған. Әскери бөлімшелерге іріктеу барысында олардың әскерден бұрын алған мамандықтары ескерілетін болады. Ағымдағы жылдың күзгі шақырылымына түскен қазақстандықтар алдымен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, ҚР Мемлекеттік қорғаныс қызметіне, сосын ҚР Қарулы күштеріне және ҚР Ұлттық Ұланына бағытталады.

«Қазіргі уақытта жаңадан қалыптастырылып жатқан әскери лектің денсаулық жағдайларының көрсеткіштері едәуір жақсы. Күзгі шақырылым нәтижелері 2017 жылдың басында белгілі болады», - деп жазады ҚР Қорғаныс министрлігі.

Айта кетейік, бұның алдында ҚР Қорғаныс министрлігі Қарулы күштер жүйесінде жемқорлықтың басым дені әскери билетті беру кезінде орын алатындығын хабарлаған болатын.

Фото: www.aktobegazeti.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: