Лента новостей
0

ОҚО-да 25 жұлдызды күннің екіншісі ұлттық рәміздерді ұлықтауға арналды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.11.2016 15:49 Zakon.kz
«I LOVE KZ» жалпыұлттық флешмобы аясында әлеуметтік желі белсенділері мен қолданушылары Қазақстан туымен селфи жасап, рәміздер күнін ұлықтауды одан әрі жалғастырды.
Оңтүстік Қазақстанда «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күндерінің екіншісі – «Мемлекеттік рәміздер» күні ретінде аталып өтті. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған орай, бүгін Шымкенттің белсенді жастары ерекше флешмоб ұйымдастырды. Қала орталығындағы іргелі оқу орнының бірі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 250 студенті қатар тұрып "Мен Қазақстанды сүйемін» деген жазу құрастырды. Мұндай шаралар барлық аудан, қалалардағы оқу орындарында ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, «I LOVE KZ» жалпыұлттық флешмобы аясында әлеуметтік желі белсенділері мен қолданушылары Қазақстан туымен селфи жасап, рәміздер күнін ұлықтауды одан әрі жалғастырды.

Облыс көлемінде бастау алған 25 жұлдызды күннің екінші таңын бір мезетте 600 мыңға жуық жас әнұран айтып атырды. Мектептер мен жоғарғы оқу орындарында ұйымдастырылған ұлттық рәміздерімізді ұлықтау шарасы кезінде бір ғана Кентау қаласының өзінде көпшілікке көлік пен төрге ілінетін мыңға тарта ту таратылды.

Егеменді елдігіміздің нышанына айналған рәміздерді құрметтеу шаралары мұнымен аяқталған жоқ. Облыстағы барлық аудан, қалаларда «Мемлекеттік рәміздерге құрмет» атты жастар арасында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, «Мен қазақстандықпын» шығармалар байқауы өтті.

Фото: ontustik.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: