Лента новостей
0

Шардаралық кәсіпкер балық етін шетелге экспорттауда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.11.2016 15:40 Zakon.kz
Биылғы жылы аталған ауданда тағы да екі балық зауыты салынып, іске қосылу күтілуде.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында балық өндірісі өркендеп, өнім шетелге экспортталып жатыр. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызмет таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде ауданда балық шаруашылығымен айналысатын екі кәсіпорын жұмысын сәтті жүргізіп келеді.

Оның бірі - «Хамит» балық өңдеу компаниясы. Бұл кәсіпорын балықтың етін Грузия, Германия, Украина Республикалары мен Ресей Федерациясына жөнелтуде. Балық шабағын кәсіпорын сырттан тасымалдайды. Тауарды тереңдетіп өңдейтін зауыт соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Өндіріс орны 200 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт жылына 3 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы. Мұнда қос бірдей желі жұмыс істейді. Алдымен, балық сүйегінен ажыратылады, сосын сүбе еттен филе жасалады. Тіпті, қалдығынан ұн да шығарылады екен. Тиімділігі сол, шикізат қалдықсыз өңделеді. «Сапалы өнімге сұраныс та жоғары», - дейді цех басшысы.

«Хамит» селолық тұтынушылар кооперативі жылына өндірген өнімінің 70 пайызын шетелге жөнелтеді. Қазір зауыт балықтың сүйектен ажыратылған таза еті мен қақталған түріне басымдық берген. Кәсіпорын өз өнімін Еуроодаққа кіретін мемлекеттердің нарығына шығаруға арнайы рұқсат алған еліміздегі 10 балық өңдеуші зауыттың бірі. Зауыт негізінен көксерке мен алабұғаның таза етін экспорттайды. Қақталған қаракөз бен табанға да сұраныс жоғары. Сондықтан өндіріс басшылығы балық шабағын Қарағандыдан тасымалдап, оны қолдан өсіріп жатыр. Соның арқасында Ресей, Беларусь елдерімен қатар, Германия мен Францияға дайын өнімдерін экспорттауға көшті.

Биылғы жылы аталған ауданда тағы да екі балық зауыты салынып, іске қосылу күтілуде.

Фото: ontustik.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: