Баланы қағып кеткен «Хаммердің» иесі түрмеге аттанды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.12.2016 23:35 Zakon.kz
Аталған оқиға тамыздың 16-сы күні Астананың Тарxан көшесі бойындағы аулалардың бірінде болды.
Астанадағы аулалардың бірінде баланы қағып кеткен «Хаммердің» жүргізушісі бас бостандығынан айырылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының шешіміне сәйкес, Х. есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Бұдан бөлек, оған 3 жылдың ішінде көлік жүргізуге тыйым салынады», - делінген ресми xабарламада.

Айта кетейік, аталған оқиға тамыздың 16-сы күні Астананың Тарxан көшесі бойындағы аулалардың бірінде болды.

Сол күні «Хаммер» маркалы автокөлік мінген азамат жолдасымен бірге футболдан қайтып келе жатқан баланы қағып кеткен. Соның салдарынан бала ауыр жарақаттар алып, ауруxанаға түскен.

Фото: egemen.kz
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: