Барымташылардың жолы кесілді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.01.2017 20:56 Zakon.kz
26 мал ұрлығы ашылып, криминалдық полиция қызметінің көмегімен 109 мал басы иесіне қайтарылды.
Үш күн ішінде «ізі суымай» 10 мал ұрлығы ашылды. Бұл туралы jasqazaq.kz Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Биылғы жылдың 26-28 қаңтар аралығында Алматы облысы бойынша республикалық «Мал ұрлау» жедел-іздестіру шарасы жүргізілген болатын. Шараның басты мақсаты «мал ұрлығына» қатысты қылмыстарды ашу. Жедел-іздестіру шарасы аясында мал ұрлығының 11 фактісі тіркеліп, нәтижесінде 10 қылмыстың беті ізі суымай ашылды. Алматы облысы бойынша мал ұрлығы Ұйғыр ауданы мен Ақсу, Кербұлақ аудандарында жиі орын алады.

Шара барысында 26 мал ұрлығы ашылып, криминалдық полиция қызметінің көмегімен 109 мал басы иесіне қайтарылды. Аталған қылмысқа қатысы бар 11 адам тергеу изоляторына қамалды. Сонымен қатар 50 бас қой ұрлады деген күдікпен Іле ауданының тұрғыны қамауға алынды.

Фото: jasqazaq.kz
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: