Шымкентте почта бөлімшесінің басшысы зейнеткерлердің 9 миллион теңгесін ұрлаған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.02.2017 18:30 Zakon.kz
Сот үкімі бойынша айыпталушы 4 жылға бас бостандығынан айырылып, мүліктері тәркіленетін болды.
Шымкентте зейнеткерлерге тиесілі 9 миллион теңгені жымқырған почта бөлімшесінің басшысы жауапқа тартылды. Бұл туралы stan.kz, “Отырар” жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Азаматша Б.Г.-ға қатысты қылмыстық істі Еңбекші аудандық соты қараған. Оған өзгенің ақшасын иемденгені үшін ҚР Қылмыстық кодексі 189 бабы 4 бөлімі 2 тармағы негізінде айып тағылды.

Ол жалған бағдарлама жасау арқылы, 26 азаматқа тиесілі 9 306 987 теңге болатын зейнетақы мен жәрдемақыны 2016 жылдың наурыз-сәуір айларында жымқырған.

Сот үкімі бойынша айыпталушы 4 жылға бас бостандығынан айырылып, мүліктері тәркіленетін болды. Ол сондай-ақ, зардап шеккендерге төлейтін шығынды да көтереді.

Фото: stan.kz
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: