Өскеменде бизнесмен өз пәтерін тонап банктен ақша алмақшы болған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.04.2017 21:19 Zakon.kz
Сот әйелді үш жылға бас бостандығынан айырды.
Өскеменде тұратын кәсіпкер әйел танысына өтініш айтып, өз үйінің астан-кестеңін шығарып тастауын өтінген. Осылайша ол өзін әлдекімдер тонап кетті деп шағымданып, банктен зардап шегуші ретінде несие алуды көздепті. Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды, деп жазады stan.kz.

Құрылыспен айналысатын бизнесмен әйел банктен несиеге 5 миллион теңге алады. Осы ақшадан ол жұмысшыларға жалақы беріп және құрылыс материалдарын сатып алған. Фирманың дамуы үшін ақша жетпей қалып, осыдан соң әйел қосымша ақшаны басқаша жолмен алуға бекінеді. Ол өз пәтерін тонау жоспарын құрып, зардап шегушінің кейпіне енбекші болыпты.

Ол өзінің танысына өтініш айтып, пәтерінің астын-үстіне шығарып тастауын сұрайды. Сосын бизнесмен полицияға хабарласып, 2 миллион 700 мың теңгесін ұрлап кеткенін айтып шағымданады. Алайда тексеру кезінде ұрлық әрекеті бар болғаны алдын ала ойластырылған дүние екені анықталған.

Нәтижесінде сот әйелді үш жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: stan.kz
zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: