Ақтөбенің тәртіп сақшылары пәтер тонаумен айналысқан

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.03.2017 15:37 Zakon.kz
Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, тәртіп сақшысы сүйіктісінің сыныптастарымен сауық кешіне барады. Сол жерде қыздардың бірінен пәтерінің кілтін ұрлап алған.
27 жастағы полицей Алтынбек Қалауов сүйіктісінің құрбысымен танысып, кейін үйіндегі құнды заттарын қолды қылды деп айыпталуда. Бұл туралы КТК телеарнасы жазды.
Енді қолының сұғанағы бар офицер сот алында жауап беріп жатыр. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, тәртіп сақшысы сүйіктісінің сыныптастарымен сауық кешіне барады. Сол жерде қыздардың бірінен пәтерінің кілтін ұрлап алған. 10 күн өткен соң жәбірленушінің баспанасына еркін кіріп, бес миллион теңгенің алтын әшекейлері мен 4 құндыз тонын алып кетіпті. Оны базар маңындағы дүңгершіктерге өткізген. Айта кету керек, қолды болған әшекейлерді алтынынан айырылған қыздың шешесі тауып алып, артынша күдікті де анықталған.

Зибагүл Есенбекова, жәбірленушінің анасы:

-Базарға ет алуға барған едім. Қайтар жолда дүңгершікте ұрланған қызым мен өзімнің әшекейлерімді көріп таң қалдым. Сол бойда тергеушіге хабарласып, алтынды мұнда кімнің тапсырғаны белгілі болды.

Фото: www.iphones.ru
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: