Өскеменде ер адам Үлбі өзені үстіндегі көпірден секіріп кетпекші болды
Zakon.kz
Қазіргі таңда ер адамның мұндай қадамға неліктен бармақшы болғаны тексерілуде.
Өскеменде ер адам аспалы көпірдің үстіне шығып, өмірімен қош айтыспақ болған. Бұл туралы stan.kz, Өскемен Жаңалықтары жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Кеше кешкілік полицейлер Үлбі өзені үстіндегі көпірді Крылов көшесі тарапынан қоршауға алған.
“102” шұғыл нөміріне ер адамның көпір үстінен секіріп кетуге шақ тұрғаны туралы хабар келіп түседі. Оқиға орынына жедел жеткен полицейлер көпір үстіндегі көлік қозғалысын тоқтатады.
Оқиға орынына тек тәртіп сақшылары ғана емес, психолог, төтенше жағдайлар қызметі мамандары да келіп, 33 жастағы тұрғында төменге қарай секірмеуге үгіттеген.
“Қазіргі таңда ер адамның мұндай қадамға неліктен бармақшы болғаны тексерілуде”, – деп хабарлады ТЖБ баспасөз қызметі.
Полицейлер өзін өлімге итермелеген ер адамның сау күйде болғанын айтып отыр.
Фото: stan.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript