Алматы облысында адамдарды тонаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.03.2017 17:17 Zakon.kz
Күдіктілердің қылмысы дәлелденіп жатса үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандықтарынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.
Алматы облысында адамдарды тонаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды. Осыдан бірнеше күн бұрын талай жандардың көз жасына қалған үш азамат тәртіп сақшыларының құрығына түсті. Үш күдікті Алматы - Бішкек тас жолы бойында жолаушыларды діттеген жеріне апарамыз деп көлікке отырғызып, жарым жолда тонап келген. Қазір бұзақылардан жапа шектім дегендер саны көбейіп жатқан көрінеді, деп жазады Алматы телеарнасы.

«Жәбірленушілердің сөздерінше, оларды көліктің алдына отырғызғаннан кейін темір тұлпардың қауіпсіздік белдігіммен тамағынан қылқындырып, болмаса суық қару тақап тонап отырған»,- деді Алматы облысы Қарасай ауданы ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, Ернұр Кактай.

Дәл осы жерде тоқсаныншы жылдардың басындағы қылмыс саны күрт артып, ұйымдасқан қылмыстық топтар, рэкеттер пайда болған кез еске түседі. Дәрменсіз жандарды соққының астына алып, қалтасындағы тиынына дейін сыпырып келетін азаматтар бүгінде бар. Осыдан бірер күн бұрын талай азаматты шырылдатқан үш күдікті Алматы облысы Қарасай ауданының Ішкі істер бөліміне жеткізілді. Өздеріне тағылған айыпты олар толығымен мойындап отыр.

«Жолға шығып, жолаушыларды отырғызып, бір жерге апарып қорқытып ақшасын және телефонын тартып алып отырдық. Түсінетін адам үш адам отырғанда беріп кетеді ғой полюбому. Қанша беріп кетіп жүрді? Ең көбі 300 мың теңге. Өзімнің қылмыстық әрекетке барғанымды мойындаймын. Және қазір өкініп отырмын»,- деді Күдікті, Жәнібек.

Ұйымдасып қылмыс жасаған үш азаматтың уысына түсіп қалған жәбірленушілердің бірі Асқар. Айтуынша, Алматы облысында орналасқан сауда орталықтарының бірінен шығып келе жатып жол бойы бір таксиге отырғаным есімде дейді. Бет жүзін көрсетпеуді сұраған жәбірленуші оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

«Мен сауда орталықтарының бірінен шыққанан кейін хонда көлігіне отырдым. Ішінде үш адам болды. Ауыр соққы тиіп талып қалдым. Тұрсам үсті - басым балшық екен»,- деді Жәбірленуші, Асқар.

«ҚР қылмыстық кодексінің 191 бабы екінші тармағымен дәрежелейміз. Қылмыстық кодекстің процедуалдық кодексмен уақытша изоляторда қамауда. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған қылмыс бойынша бес жәбірленуші арызданған»,- деді Алматы облысы Қарасай ауданы ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, Ернұр Кактай.

Күдіктілердің қылмысы дәлелденіп жатса үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандықтарынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.

«Жеңіл жолмен ақша табуға болмайды екен . Оның арты темір тор. Адал еңбекке ештеңе жетпейді. Мен соны түсіндім»,- деді деді Күдікті, Жәнібек.

Қазір күдіктілерге қатысты іске тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар, Қарасай аудандық Ішкі істер бөлімінде уақытша қамауда.

Нұрсейіт Жылқышыбай, Рашиддин Якупов

Фото: blizko.by
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: