Алматыда қоғамдық көліктің жолағына өтіп кететіндер азаймай тұр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.03.2017 23:46 Zakon.kz
Жол ережесін сақтамай жүрген жүргізушілерге осы үш күндік шараның ішінде 500-ден астам хаттама толтырылды.
Қоғамдық көлікке бөлінген арнайы жолаққа өтіп кететін жүргізушілер азаймай тұр. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын елеп-ескермейтіндер көп. Әсіресе Абай, Райымбек, Төле би даңғылдары және Желтоқсан көшелеріне сызылған аавтобус жолақтармен жүретіндер саны 3 күннің ішінде 500-ден асыпты, деп жазады Алматы телеарнасы.

Мейрам күндері жол-патрульдік полициясы жолдарда, қоғамдық орындарда және көшелерде құқықтық тәртіпті орнату, сондай-ақ жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандарды анықтау бойынша шараларды күшейткен.

«Жол ережесін сақтамай жүрген жүргізушілерге осы үш күндік шараның ішінде 500-ден астам хаттама толтырылды. Оның ішінде 184 - сол жақ бағытқа шығып кеткені үшін, 252-сі 3.27 деген жол белгісі бар, тұруға болмайды деген. Соны тыңдамай тоқтап автобустарға кедергі жасағаны үшін, 64 хаттама - өз көлігін сол қатарға тұраққа қойып кеткені үшін. Бұл жұмыс енді күнделікті атқарылып жатқан жұмыс»,- деді Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы, Еркін Өтегенов.

Фото: kremlinpress.com
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: