Қызылордалық өнертапқыш көлікті жанар-жағармайсыз жүргізетін қозғалтқыш ойлап тапты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.03.2017 16:08 Zakon.kz
Қазіргі күні өнертапқыштың қолында жобаның сызбасы ғана бар.
Қызылордалық өнертапқыш адамзат өмірін жеңілдетудің тың тәсілін ойлап тапты. Дәлірек айтсақ, «өздігінен айналатын двигательдің» жобасын жасап шығарған, деп хабарлайды Baq.kz.

Ерекше жобаның авторы Серікбай Нұрғалиев – Қызылорда қаласының қарапайым тұрғыны. Мамандығы – автомеханик. Жеке кәсіппен айналысады.

2015 жылы шілде айында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік бірлесе ұйымдастырған «NIF50K» инновациялық бизнес-жоспарлар республикалық конкурсы өткен болатын. Серікбай Нұрғалиев соның жартылай финалына жетіп, дипломмен марапатталды. Сонда көптеген азамат қызылордалық өнертапқыштың жобасын қолдап, қатты қызығушылық танытқан.

Серікбайдың сөзінше, оның жобасы қоршаған ортаны ластамайды, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартып, бірқалыптандыруға үлкен септігін тигізеді. Кәсіпкер ойлап тапқан құрылғысын патенттеп үлгерген әрі жобасы машина жасау саласына жатады.

Инноватордың айтуынша, ойлап тапқан теңдессіз қозғалтқыштың «шикізаты» – атмосфералық ауа және ол энергиянықалағанынша өндіре алады. Яғни, көлікті жанар-жағармайсыз, аккумуляторсыз жүйткітеді. Тіпті жер бетінде де, су астында да жұмыс істей береді. Конструкциялық құрылымын кез келген көлемде жасауға болады. Сосын оны кез келген көлемдегі барлық технологияға, генераторға арнайы қондыруға мүмкіндік бар. Тіпті, әскери, ауыл шаруашылығы техникаларын жасайтын зауытта да қолданыла береді. Сондай-ақ, конструкциялық құрылысын жасау металдары аса қымбат емес.

«Өздігінен айналатын двигательдің» қуаты мол. Вакуумдық камерасына өздігінен қысым қуатын бір-ақ рет жинайды және үдетіп отырады. Ал, айналыс-қозғалыс және өздігінен қысым жинау, үдеу – «қуаты шексіз». Двигательге тек ауа болса болды, лас па, таза ма, оған қарамайды. Мысалы, автокөлік болса, оған баллон арқылы іске қосылар алдында ғана қысымды ауа беріледі. Ары қарай двигатель атмосфералық ауа арқылы өздігінен жұмыс істеп, энергия жинай береді. Егер қозғалтқышты жеңіл көлікке орнатсаңыз, жанармай құймайсыз, ақшаңызды оған шығындамайсыз», – дейді Серікбай Нұрғалиев.

Ендеше адамзат үшін ең тиімді жобаны ұсынып отырған қазақ инженерінің қолын байлаған не нәрсе?

Қазіргі күні өнертапқыштың қолында жобаның сызбасы ғана бар. Теория жүзінде әбден зерттеп, зерделеген құрастырушы оны тәжірибе жүзінде сынап көргісі келеді. Қалталы азаматтар мен мемлекет тарапынан қызығушылық туындап, қаржы мәселесі шешілсе, инноватор қажетті мамандармен двигательдің компьютерлік моделін жасап, дайындаушы зауытқа өткізуді көздеп отыр.

«Ауаның қысымымен жүретін двигатель моделін жасауға 15 млн теңге керек. Бірақ алдымен компьютерлік моделін жасау керек. Ол үшін 3-4 млн теңге қаражат қажет», – дейді осы жобаның үйлестірушісі, Қызылорда облысы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Сұлтан Әшімұлы.

С.Нұрғалиев өз «өнімін» алғаш рет 2007 жылы ІІ Дүниежүзілік Ұлттық инновациялық конгресінде таныстырғаннан бері қаржылық қолдауға зәру екенін айтып келеді. Алайда әлі күнге дейін нәтиже жоқ. Бірақ демеушілер табылар деп үміт етеді.

Бірегей жобаны Серікбай «ЭКСПО-2017» көрмесіне ұсынуға ниетті. Егер оның жаңалығы қолдау тауып, жүзеге асса, Қызылорда облысы кез келген көлікті отынсыз оталдыратын қолғалтқыштың отанына айналары сөзсіз.

Ибраш Әли

Фото: Baq.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: