Қарағанды тұрғыны әйелінің жүкті екенін босанғанда бір-ақ білген
Zakon.kz
Дәрігерлердің айтуынша, әйел адам жүкті екенін ешкімге айтпаған.
Қарағандының Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылында 42 жастағы әйел жүкті екенін дәрігерлерден, туған-туыстарынан, тіпті күйеуінен де жасырып келген. Айы-күні жетіп толғатқан әйелді дәрігерлер Ақтоғай ауданындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізген.
Оқиға 8 наурыз күні, түңгі сағат 2-де болған. Кенеттен толғағы қысқан әйеліне күйеуі дәрігер шақыртқан. Келіп жеткен дәрігер оның толғағы келіп, туайын деп жатқанын көрген. Шұғыл түрде әйелді Ақтоғай ауданындағы орталық ауруханаға жеткізіп, таңғы сағат 6:30 босандырып алады.
«42 жастағы әйел жүкті екендігін бізден жасырып келген. Сондықтан да тіркеуге алынбаған. 8 наурыз күні толғатып, дәрігер шақырған уақытта ғана жүкті екендігін білдік. Аман-есен 60 шақырым қашықтықта орналасқан аудан орталығындағы ауруханаға апардық. Біраз күн дәрігерлердің қарауында болды. Қазір нәрестенің де, әйелдің жағдайы жақсы», - дейді акушер Б.Мағзұмқызы.
Дәрігерлердің айтуынша, әйел адам жүкті екенін ешкімге айтпаған. Асқазаным ауырады деп шағымданып, көбінесе Балқаш, Қарағанды қалаларында болған.
«Көршіміздің аяғы ауыр екендігін білмей қалдық. Меніңше ішін көрсетпей тартып жүрген болуы керек. Ауырып жүрмін деп, қалаға барғыштап жүретін. 8 наурыз күні бала туғанын естігенде сенбей, дал болдық. Дәрігерлерінің біліктілігінің арқасында аман-есен сәбилі болды деп ойлаймын», - дейді ауыл тұрғыны.
Айта кету керек, 42 жастағы тұрғын қыз баланы дүниеге әкелді. Төртінші баласын туған әйелдің жүкті екендігін тоғыз ай бойы дәрігерлерден, туған-туыстарынан, тіпті, күйеуінен не себепті жасырып келгендігі белгісіз.
Фото: Baq.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript