ОҚО-да соңғы бес жылда жасөспірімдерге қатысты 3250 сот шешімі шыққан

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.03.2017 15:24 Zakon.kz
Сот төрағасы кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының негізгі себебі ретінде олардың белгілі бір іспен шұғылданбауы деп отыр.
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының құрылғанына 5 жыл толып отыр. Соңғы бес жылда мамандандырылған ауданаралық сотына 5037 талап-арыз түсіп, оның 3250-іне сот шешімі шыққан. Соның ішінде 198 азаматтық іс медиация тәртбімен шешіліпті. Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Серікбай Тулепбергенов мәлім етті, деп жазады zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Төрағаның айтуынша, мамандандырылған ауданаралық сотында соңғы 5 жылда азаматтық істер бойынша ата- ана құқығынан айыру бойынша 1175, баланың тұрғылықты мекен жайын анықтау мақсатында 472, баламен кездесу тәртібін анықтауда 499, арнайы мектеп интернатқа жолдау жөнінде 147, әке деп танып алимент өндіру бойынша 324, бала асырап алу 2273, алимент мөлшерін өзгерту туралы 258 іс қаралған.
Бұдан бөлек, әкімшілік істер бойынша 5540 іс сот қаруына түсіп, 5102 құқықбұзушыға қатысты әкімшілік қаулы шыққан. Нәтижесінде жалпы соммасы 56 млн. 510 мың 550 теңге айыппұл салынып, өндірілген. Сондай-ақ 2221 қылмыстық іс қаралып, 560 сот үкімі шығарылған. Оның 276-сы медиация тәртібімен шешілген.
«Кәмелетке толмағандардың басым көпшілігі ұрлау, тонау, қарақшылық сияқты дүниеқорлық қылмыстар жасайды. Жасөспірімдер жасаған қылмыстардың денін мүлікке қатысты қылмыстар құрап отыр. Көбінесе олар ұялы телефондар, ойын компьютерлері, ақша, киім-кешектер ұрлайды. Жасөспірімдер мұндай қылмыстарды әдетте екі-үш адам болып, топ болып жасап, жәбірленушіге күш көрсетіп немесе күш көрсетемін деп қорқытып жасағандықтан, олардың әрекеттері ауыр қылмыс ретінде бағаланып жатады», -дейді Серікбай Тулепбергенов.
Сот төрағасы кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының негізгі себебі ретінде олардың белгілі бір іспен шұғылданбауы деп отыр. Сондай-ақ ата-аналары мен оқу орындары тарпынан бақылаудың тиісті деңгейде орнатылмай отырғанына тоқталды.
Айта кетейік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елімізде алғаш рет Алматы, Астана қалаларында сынама ретінде құрылған болатын. Тәжірибе көрсеткендеи ювеналды сот өз өміршеңдігін дәлелдеп, мемлекет қорғауында тұрған отбасы, ана мен бала, әке құқықтарын қорғауда таптырмас жүйеге айналып отыр.
Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: