Ақсулық қолөнершінің жұқа киізден жасалған бұйымдарына сұраныс артуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.03.2017 17:31 Zakon.kz
Тапсырыстың басым бөлігі Астана, Көкшетау, Шымкент, Алматы өңірлерінен болған.
Ақсу қаласында тұратын қолөнерші Аманжол Рашаттың жұқа киізден жасалған бұйымдарына сұраныс артқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

2016 жылдың қыркүйек айында ашқан "Алтын оймақ" ательесінің өнімдері бүгінде көпшілік арасында кеңінен танылған.

- Негізгі мамандығым – химия пәнінің мұғалімі. Бес жыл бойы Пограничник ауылдық округіндегі мектепте ұстаз болып қызмет еттім. Алайда екінші баламен декреттік демалысқа шыққаннан кейін жеке кәсібімді ашу туралы ой келді де Астана қаласындағы «Сырлы саусақ» сән үйінде шеберлік сыныбынан өттім. Ательені ашуға өзімнің жеке қаражатымды салдым. Жұмысқа қажет материалды елордадан алғызамын. Әзірге бір көмекшім бар. Алайда кәсібімді кеңейту мақсатында мемлекеттік бағдарлама аясында грант алу үшін құжаттар жинаудамын. Жақында ғана Баянауыл ауданы, Жаңа тілек ауылының Бақыт Қайдаров атындағы мектеп ұстаздары мен "Қазақстан Алюминийі" АҚ 50-ге жуық фетрден тігілген желеткеге тапсырыс берді, - дейді тігінші.

Қолөнершінің павлодарлықтардың арасында танымалдығы енді ғана артып келеді. Бұған дейін тапсырыстың басым бөлігі Астана, Көкшетау, Шымкент, Алматы өңірлерінен болған. Арнайы лазерлі аппарат арқылы шығарылған ересектерге арналған желеткенің бағасы – жеті, тоғыз мың теңге болса, балаларға арналған желетке – 3,5 мың теңге. Бұдан басқа, мұнда түрлі өрнекпен әшекейленген қыз жасауы мен сөмкелер, сандықшалар да орын алған. Айта кетерлігі, Аманжол Рашат инстаграм әлеуметтік желісінде арнайы парақша ашып қойған. Республика бойынша тауарды тасымалдау қызметі де ойластырылған. Еліміздің кез келген түкпіріндегі клиенттерге «Қазпошта», автобус немесе пойыз арқылы жеткізіледі.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: