БҚО-да заңсыз қызмет атқарған діни ұйым анықталды
Zakon.kz
Ішкі істер департаменті қызметкерлері әкімшілік іс қозғады.
БҚО-да баптистердің заңсыз қызмет атқарғаны анықталды, деп жазады stan.kz.
Облыстық ішкі істер департаменттің баспасөз қызметі 5 ақпан күні Орал қаласы Көкшетау көшесі 5-мекенжай бойынша әділет органдарында тіркелмеген «Евангелие христиан баптистері» діни ұйымы өкілдерінің заңсыз жұмысын анықтады.
Ішкі істер департаменті қызметкерлері әкімшілік іс қозғады. Аталған діни ұйымға 50 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейінгі көлемде (113450 теңгеден 226900 теңгеге дейін) айыппұл салынуы мүмкін. Сондай-ақ 26 ақпан күні Тасқала ауданы орталығы Тасқала ауылында Скоробогатов көшесі 61-мекенжайында тіркелмеген «Евангелие христиан баптистері» діни ұйымы екі өкілінің заңсыз діни қызмет атқарғаны белгілі болды. Аталған адамдарға қатысты да әкімшілік іс қозғалды.
Фото: stan.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript