Шымкент зообағында сусиыр өліп қалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.03.2017 23:03 Zakon.kz
Әдетте сусиырлар 50 жылға дейін өмір сүреді.
Шымкент зообағында сусиыр өліп қалды. «Ламбада» есімді жануар 26 жаста болған екен. Бақ қызметкерлерінің сөзінше, ұрғашы сусиырдың соңғы бір аптада тәбеті болмай, тамақ жеуден бас тартыпты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

Десе де жануардың нақты не себепті өлгені тиісті сараптамалар жүргізілген соң белгілі болады. Белгілісі ол соңғы жеті жыл көлемінде аяғын зақымдап алған еді. Әрі үнемі оған дәрілер салынып жүріпті. Қалай болғанда да мамандар жануарды тиісті жерге апарып, жерлеп қойғанын айтады.

Айта кетейік, әдетте сусиырлар 50 жылға дейін өмір сүреді. Ал Ламбада 26 жыл жасап, үш төл туған. Кенжесі Глория өткен жылы туылған болатын.

Фото: www.inform.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: