Көмір қалдықтарының орнын кеңейтуге 5 млрд теңге жұмсалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.03.2017 17:42 Zakon.kz
Стансада тоқ қуатын алатын алып орталықтың қондырғы құбырларын жаңалауға 11,4 миллиард теңге инвестиция салған.
Жылу электр стацияларынан шыққан көмір қалдықтарының орнын кеңейтуге 5 миллиард теңге жұмсалды. Бұл мәлімет Алматыдағы нөмірі үшінші жылу электр орталығының 55 жылдығына орай өткен шара барысында мәлім болды. Сағатына 200 мың киловольт тоқ өндіретін жылу орталығы соңғы үш жылда бір миллион тоннадан астам көмір қалдығын шығарған, деп жазады Алматы телеарнасы.

Алматы электр станциялары АҚ өндіретін барлық тоқтың төрттен бір бөлігі осы орталықтан шығады. Сағатына 200 магабат, яғни 200 мың килофольт тоқ өндіріліп, осы аумақтағы елді жарықпен қамтамасыз етіп отыр. 55 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан осы станцияның тағы бір ерекшелігі ол өзге орталықтар секілді өзіне қажетті суды сырттан сатып алмай, насос арқылы сағатына 500 мың текше метр суды өндіріп отыр.

Стансада тоқ қуатын алатын алып орталықтың қондырғы құбырларын жаңалауға 11,4 миллиард теңге инвестиция салған. Осы қаржы арқылы орталық модернизациядан өтіпті. Қазір мұнда төрт жүзге жуық адам жұмыс істейді. Өмірін үрім бұтағымен бірге осы стансаға арнаған адамның бірі Виктор Владимирович. Өзі 34 жыл осы салада жүр. Әкесі, ағасы, қызы мен күйеу балалары сынды туыстарының барлығының жылдық өтілімін қосқанда 184 жылды құрады, тоқ өндіруді династиялық әдетке айналдырдық дейді.

«Мен үрім бұтағыммен бірге тоқ өндіріп, халыққа жарық беретін орында жұмыс істегенімізді мақтан тұтам. Өзіндік қындықтары аз емес. Барлық агригаттарды білу керек. Қиын сәтте шешім қабылдау керек. Стансаның болашағы талқыға түсетін сәттерде қажетті жоспарды қорғап қалу үшін көп күш салдық. 19 жылдан бері осында бас инженерімін», - деді «АлЭС» АҚ 3-ЖЭО бас инженері Виктор Безрук.

Стансада 6 алып қазандық болса, олардың әрқайсысы сағатына 26 тоннаға дейін көмір жағады. Былтыр 957 миллион килофольт тоқ алу үшін 790 мың тонна көмір жағылыпты. Ал экологияны ластауды төмендету үшін жанарғылар жаңартылып, желдеткіш градирнялар кеңейтіліпті. Соңғы үш жылда стансадан бір миллиард бір жүз мың тонна күл шығарылса, олардың орнын кеңейтіп, орындарын қайта құруға 5 миллиард теңге жұмсалды дейді басшылар.

«Біздің бюджетіміздің 70 пайызы көмір сатып алуға кетеді. Арасында аздап азотта бар. Газға көшетін шығармыз. Оғанда көп ақша керек инвестиция. Үш жарым жылда бізде бір миллион бір жүз тонна қалдық шықты», - деді «АлЭС» АҚ 3-ЖЭО басқарушы директоры Асқар Шаңлақбаев.

Орталықтың 55 жылдығына орай ардагер энергетиктер мен қызметкерлерді құттықтаған мекеме басшылары стансаның әліде жаңартылатынын жеткізді. Қазір бұл мекемеде төрт жүзге жуық маман тоқтың тұрақты өндірілуін қамтамасыз етіп келеді. Жылу стансасы қажетті суды сырттан сатып алмай, сегіз ұңғыма арқылы жер астынан шығарып отыр.

Әмірболат Құсайынұлы, Әрсен Сандыбаев

Фото: 7Kun.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: