Шымкенттегі қонақүйлердің бірінен Жапония азаматының денесі табылды
Zakon.kz
Мәйітте зорлық көрсетудің белгілері анықталмаған.
Шымкенттегі қонақүйлердің бірінен Жапон елі азаматының денесі табылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Тәртіп сақшылары шетелдіктің елімізге саяхаттан келгенін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
Белгілі болғандай, Жапон елінен оңтүстікке бір топ турист келген. Олар бір күн бұрын Түркістан шаһары мен Арыстан баб кесенелерін аралап келеді. Келесі күні өзге аудандарға саяхат жасауға шыққанда 69 жастағы жапондық жиналатын орынға келмей қалыпты.
Саяхатшылардың бірі бөлмесіне барып қараса, алпысты алқымдаған азамат жан тәсілім еткенін көрген. Дереу қонақүйдің қожайындары мен тәртіп сақшыларын шақыртқан.
«Мәйітте зорлық көрсетудің белгілері анықталмаған. Соған қарамастан бірнеше сот-медициналық сарапталар тағайындалды. Қазір шетелдіктің неден қайтыс болғанын Шымкент қаласына қарасты Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері айналысуда», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Сыпабек Жарқынбеков.
Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript