Павлодарда шіркеу қызметкері дұға жасауға келген әйелдің көзін ағыза жаздады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.04.2017 22:17 Zakon.kz
Қазіргі таңда зардап шеккен көп балалы ана ішкі істер органдарына арыз жазған. Мәселенің ақ-қарасы сонда анықталмақ.
Павлодардағы Благовещенск шіркеуінің қызметкері мен дұға жасауға келген әйел арасында жанжал шықты. Қазіргі уақытта зардап шеккен тұрғын үй жағдайында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Baq.kz.

Куәгерлердің айтуынша, храм күзетшілерінің бірі дұға жасауға келген азаматтың бетіне жас шығаратын газ шашқан. Кейін оқиға орнына жедел жәрдем және полиция қызметкерлері келеді. Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары шіркеуге кіріп, Павлодар және Екібастұз Епископтарынан түсініктеме алмақшы болған. Ал шіркеу қызметкері ашуға бой алдырып, тәртіп сақшысының ұялы телефонын сындырып жіберген. Жанжалдың болғанын протоирей Александр Степанов растады, бірақ кеңірек айтып беруден бас тартты.

«Шіркеуге келушілердің қарасы қалың. Әдетте адамдар Құдайға құлшылық етіп, дұға жасауға келеді. Дегенмен, оларға кедергі болып, ақша немесе бағалы заттарын ұрлап кететін тұлғалар да бар. Олар қайыр сұрайды. Шіркеу қызметкері қорғаныс құралын қолданғаны рас. Бірақ, келушінің бетіне шашқан жоқ», - деп қысқа қайырды протоирей Александр Степанов.

Александр Степановтың айтуынша, жанжал азаматшаның қайыр тілеп келгендігінен шыққан. Әдетте олар шіркеуге келушілерге кедергі келтіреді екен.

Айта кетейік, облыстық ІІД баспасөз қызетінің хабарлауынша, Благовещенск шіркеуінің 52 жастағы күзетшісіне қатысты ҚР ӘҚбТК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік өндіріс қозғалған. Ал зардап шеккен 50 жастағы әйелге сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Шіркеу қызметкерінің бұл әрекетінен зардап шеккен Татьяна Андреева күзетшінің әлі күнге дейін кешірім сұрамағанын алға тартуда.

«Шіркеуге келе жатқанда қызым мен немеремді кездестірдім. Немеремді қолыма алып, бетінен сүйдім. Кенеттен күзетші бетіме газ шашты. Шошып кетіп, есімнен танып қалдым. Тиісті медициналық көмек алған соң үйіме оралдым. Қазір қолымда медициналық сараптаманың қорытындысы бар. Көзімнің күйік алғаны расталды. Бүгін төртінші күн үйімнен шыға алмай отырмын. Мен – діндар адаммын, шіркеуге дұға жасауға жиі барып тұрамын», - дейді Татьяна Андреева.

Қазіргі таңда зардап шеккен көп балалы ана ішкі істер органдарына арыз жазған. Мәселенің ақ-қарасы сонда анықталмақ.

Ақмаржан Әділбек

Фото: Baq.kz
zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: