ОҚО-да мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асырудың оңтайлы жолдары талқыланды
Zakon.kz
Мұндай танымдық семинарлар бұған дейін республиканың Астана, Көкшетау, Ақтөбе, Павлодар, Талдықорған қалаларында ұйымдастырылып, өткізілді.
Бүгін Оңтүстік Қазақстанда облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру туралы» жиын өтті. Отырысқа ҚР Ұлттық экономика министрлігі бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаментінің директоры Нұрым Аязбаев, «Қазақстандық мемлекеттік жекешелік әріптестік орталығы» басқарма төрағасының орынбасары Ғалымбек Мамраев, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» АҚ-ның вице-президенті Айдос Көбетов және Жамбыл, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдіктерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Танымдық семинарды ашып берген Д.Сатыбалды Елбасының осы жылғы Жолдауында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктік механизмін дамыту мәселесіне тоқталып, нақты міндеттерді айқындап бергенін айтты.
«Аталған механизм бюджет мүмкіншілігін ескере отырып, әлеуметтік маңызды нысандарды салу немесе пайдалану үшін қажетті қаржылық базаны қамтамасыз етудің баламалы құралдарының бірі болып табылады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі мемлекет пен бизнестің өзара пайдалы ынтымақтастығын арттырып, ұсынылатын қызметтер сапасын жақсартуға және қажетті инфрақұрылымдарды жаңғыртуға мүмкіндік береді», - деді Дархан Амангелдіұлы.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен «Қазақстандық мемлекеттік жеке-меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның ұйытқы болуымен өткен жиында МЖӘ негізіндегі шағын жобалар бойынша байқау тәртібі мен құжаттарын ықшамдау, жобаға қатысу кезіндегі қарастыру мерзімін қысқарту, мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі аясында жасалған келісім шарттарды үлгі ретінде ала отырып оның іске асу барысының тәжирбиесімен бөлісу (дене шынықтыру-сауықтыру, дәрігерлік амбулатория, студенттік жатақхана, балабақша сынды нысандардың құрылысы мен іске қосылуы) мәселелері айтылып, талқыланды. Және ең бастысы, әр облыста сараптама қызметінсіз іске асыруға болатын жобалар іріктеліп алынып, оны қалай жүзеге асыратыны, байқау құжаттары, жоба келісімдері түсіндірілді. Бұл тәсіл мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасының іске асу мерзімін екі есеге қысқартып, тиімді нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізбек.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» АҚ-ның вице-президенті А.Көбетовтің мәліметінше, осынау жоба аясында өңірлерде 350 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, бүгінгі күнге дейін оның 42-нің келісім-шарты түзіліп үлгерген. Ал жалпы, МЖӘ аясында елімізде жалпы құны 1 триллион теңгеден астам қаржы болатын жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.
Жалпы, Оңтүстік Қазақстанда 2017 жылы жергілікті деңгейдегі 40 жобаны жүзеге асыру көзделсе, оның 6-уының бүгінде әлеуетті жекешелік әріптесі анықталған. Аталған жобалардың дені балабақша, емхана, спорт кешендері сынды әлеуметтік нысандар. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі жобаларын жүзеге асыру бойынша қазіргі кезде ОҚО республикада алғашқы жетілікке кірсе, алдағы жылы алғашқы бестікке енуді көздеп отыр.
Айта кету керек, мұндай танымдық семинарлар бұған дейін республиканың Астана, Көкшетау, Ақтөбе, Павлодар, Талдықорған қалаларында ұйымдастырылып, өткізілді.
Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript