Тасқын судан Қазақстанның үш облысында жол жабылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.04.2017 18:15 Zakon.kz
Су тасқыны әсеріне тап болған барлық аумақта нығайту жұмыстары жүргізіліп, ескерту белгілері қойылды.
Тасқын суға байланысты ШҚО, ОҚО және Қарағанды облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың түрлі бөліктерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақавтожол» РМК хабарлауынша, 13 сәуір күні ШҚО-да тасқын су жағдайына байланысты «Семей-Қайнар» автожолының 8-166 шақырымдарында (27 шақырымда су жайылған) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Аталған учаскені «Семей-Қарауыл» автожолы арқылы айналып өтуге болады. Дәл осы себеппен Оңтүстік Қазақстан облысында «Самара-Шымкент» автожолының 2217-2235 (2229 шақырымда көпір бар) шақырымдарында барлық көлік түрлеріне шектеу қойылған. Арыс өзені арқылы өтетін көпірдің жағалау тіректерін су шайып кетті.

Аталған аумақты жүргізушілер Тамерлановка ауылы арқылы айналып өтуде. Ақмола облысында «Щучье-Зеренді» автожолының бөлігінде қар суы жолдан асып ағып жатыр. Аққан судың ені 200 м. Ол жерде су ағызатын құбыр бар. Шектеу қойылған жоқ. Қарағанды облысында тасқын су жағдайына байланысты «Ақшатау-Ағадыр» автожолының 90-195 шақырымдарында барлық көлік түрлеріне шектеу енгізілді (166+750 м. жол жабыны шайылған, ені - 10 м., тереңдігі 15 см., Су ағызатын құбыр бар). Айналма жол «Қарағанды-Ақсу-Аюлы-Ағадыр» бағыты бойынша жүруде. Одан бөлек, мына автожолдардан су асып ағып жатыр:

1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 139 шақ. (жолдан асып аққан судың ені - 50 м., тереңдігі - 5 см, су ағызатын құбыр бар);

2. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 141 шақ. (жолдан асып аққан судың ені - 350 м, тереңдігі -15-20 см, су ағызатын құбыр бар);

3. «Бастау-Ақтау-Теміртау» 11шақ. (жолдан асып аққан судың ені - 40 м, тереңдігі -10 см);

4.«Ақшатау-Ағадыр» 165 шақ. (жолдан асып аққан судың ені - 50 м, тереңдігі -10-15 см);

5. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 43 шақ. (жолдан асып аққан судың ені - 400 м, тереңдігі - 15 см);

6. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 169 шақ. (жолдан асып аққан судың ені - 80 м, тереңдігі - 15 см).

Көлік қозғалыстарына шектеу қойылған жоқ. Су тасқыны әсеріне тап болған барлық аумақта нығайту жұмыстары жүргізіліп, ескерту белгілері қойылды.

Тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылған.

Фото: inform.kz
zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: