Қазақстанның екі өңірінде тас жолдар жабылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.01.2017 23:12 Zakon.kz
«Талдықорған-Қапал» тас жолының 0-76 шақырым аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Еліміздің екі облысында бұрқасын мен көру мүмкіншілігінің болмауына байланысты тас жолдар жабылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТЖ комитеті «Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлады.

Жамбыл облысында 30 қаңтар сағат 23:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына (бұрқасын, көру мүмкіншілігінің болмауы) байланысты облыстық маңызы бар «Б.Момышұлы-Қошқарата» тас жолының 10-65 шақырым аралығы барлық көліктер үшін жабық.

Алматы облысында 31.01.2017 жылы сағат 12:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына (бұрқасын, көру мүмкіншілігінің болмауы) байланысты облыстық маңызы бар «Талдықорған-Қапал» тас жолының 0-76 шақырым аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Фото:YouTube
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: