Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы су тасқыны жағдайын ерекше бақылауға алуды тапсырды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.04.2017 18:21 Zakon.kz
ҚР Премьер-Министрі әкімдіктер мен жауапты мемлекеттік органдарға төтенше жағдайларға жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тапсырды.
Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев аймақтардағы әкімдіктер мен жауапты мемлекеттік органдарға су тасқыны жағдайын ерекше бақылауға алуды тапсырды. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Негізгі күн тәртібін талқылауға көшпес бұрын ҚР Премьер-Министрі ҚР ішкі істер министрінің, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының аймақтардағы қазіргі су тасқыны жағдайы бойынша, сонымен қатар төтенше жағдайларға жол бермеу шаралары жайлы баяндамаларын тыңдады.

Бақытжан Сағынтаев қазіргі кезде еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында қар жылдам еріп жатқанын атап өтті, соған байланысты су қоймаларында су деңгейі күрт көтеріліп, елді мекендер мен жолдар су астында қалып жатыр.

ҚР Премьер-Министрі әкімдіктер мен жауапты мемлекеттік органдарға төтенше жағдайларға жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, аталған мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Фото: ORTCOM.KZ

zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: