СҚО-да балықтардың неліктен қырылғаны белгілі болды
Zakon.kz
Өткен аптада Глубокое көлінен қалқып шыққан өлі балықтар жағалауды басып қалған еді.
Солтүстік Қазақстан облысындағы Глубокое көлінде жаппай қырылған балықтар ауа жетпей тұншығып өлген. Сараптама жасаған мамандар осылай деп хабарлады. Олардың айтуынша, бұған биылғы қыстың тым ұзақ және қатты болуы себеп, деп жазады КТК телеарнасы.
Өткен аптада Глубокое көлінен қалқып шыққан өлі балықтар жағалауды басып қалған еді. Мұндай сұмдықты көрмеген жұрт жабылып жүріп, оның көзін жойған. Шамамен алты тоннадай мөңке арнайы пеште өртелді. Екі бірдей зертханалық сараптама жүргізген мамандар, балықтың су астында қыс бойы қырылып шыққанын айтады.
Виктор Фефелов, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты Солтүстік филиалының зертхана меңгерушісі:
-Балық су астында қыс бойы қырыла берген. Мұз ерігенде ол су бетіне қалқып шыққан. Бұған биылғы қыстың қатты болуы себеп. Былтыр күзде су әдеттегіден бір ай ерте қатты да, көктемнің кеш келуніе байланысты бір ай кеш еріді. Иесі жоқ көлде қыс бойы ешкім аэрация шараларын атқармаған.
Фото: www.inform.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript