Ақтауда қызметін асыра пайдаланған шенеунік түрмеге жабылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.05.2017 16:29 Zakon.kz
Жарты жыл ішінде шенеуніктің үстінен құзырлы орындарға бірнеше арыз түсіп, құпия тексеру жүргізілген.
Қызметкерлерінің қалтасын қаққан Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марал Қадыр 7 жылға бас бостандығынан айрылды. 53 жастағы экс-шенеунік креслосында жарты жыл ғана отырып үлгерген екен, деп жазады КТК телеарнасы.

Сол жарты жыл ішінде шенеуніктің үстінен құзырлы орындарға бірнеше арыз түсіп, құпия тексеру жүргізілген. Нәтижесінде Марал Қадырдың 3 адамнан ауызбастырық алғанын анықтаған.

Яғни, Ақтау қалалық емханасының директорынан 30 мың теңге, кейін зейнет жасына байланысты орнынан айрылмас үшін сол директордан 100 мың теңге, ал туберкулез ауруханасының басшысынан 200 доллар пара алған.

Сондай-ақ, тағы бір адамнан немересінің ем-домына оң көзін салуы үшін деп 15 мың теңгесін қалтаға басыпты. Сотта бұл деректер дәлелденіп, басқарма басшысы 7 жылға жалпы режимдегі колонияға қамалды. Дүние-мүлкі де тәркіленді.

Фото: Ivest.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: