Павлодарда электр сымдарының тұйықталуы салдарынан үш адам құтқарылды
Zakon.kz
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.
Павлодарда Ш. Айманов, 47 көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында шыққан өрттен үш адам құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, электр қалқанындағы сымдардың тұйықталуы салдарынан 0,5 метр аумақ жанған. Кезекшілік бөліміне хабарлама сағат 11.54-те түсіп, 12.37-де толығымен сөндірілген.
- Оқиға орнына бір автоцистерна мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ, - деді департаментте.
Бұдан басқа, бүгін таңғы сағат төртке қарай Павлодар-Шарбақты тас жолында, Теміржолшылар кентіне қарай бұрылыста жол көлік оқиғасы орын алған.
Нәтижесінде медициналық апаттар орталығы жол апатынан зардап шеккен бір адамды № 1 қалалық аурухаға жеткізіп, амбулаторлық ем тағайындалған.
Ақбота Сейсенбаева
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript