Алматы облысында су басқан ауылдың көпірін де шайып кетті
Zakon.kz
Әулиеағаш ауылындағы Бурақожыр өзені арқылы өтетін көпірді шайып кетті.
Алматы облысында су басқан ауылдың көпірін де шайып кетті. Қазір Әулиеағаш ауылындағы көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Әулиеағаш ауылындағы Бурақожыр өзені арқылы өтетін көпірді шайып кетті. Ол өткел уақытша орнатылған екен. Өйткені екі жыл бұрын, дәл осы көпірді су шайған. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Кешке дейін аяқталады деп жоспарлануда, - деді Алматы облыстық ТЖД-нің ресми өкілі Азамат Жұртбаев.
ТЖД мәліметінше, қазір халық айналма жол арқылы қатынап жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 25 мамыр күні Панфилов ауданындағы Әулиеағаш және Көктал ауылдарында қатты жауын жауды.
Салдарынан Көктал ауылында 11 үйді, 46 ауланы ал, Әйлиеағашта 7 ауланы және 1 үйді су басқан. Қазір аймақта төтенше мен жергілікті билік өкілдері қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript