Павлодарда түн ішінде қайықпен серуендеген қыз бен жігіт ажал аузынан аман қалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.06.2017 20:04 Zakon.kz
Зардап шеккендер медициналық көмектен бас тартты.
Павлодарда Ертіс өзенінде қайықпен серуенге шыққан екі адам құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, 86 жылғы ер азамат пен 90 жылғы әйел адам қауіпсіздік ережелерін бұзып, қараңғы уақытта үрлемелі моторлы резеңке қайықпен күзетілетін аумақта демалған.

Нәтижесінде қайық аударылып кетіп, екеуі өздігінен судан шығуға тырысқан. Дегенмен қатты ағын оларды алысқа алып кеткен.

- Сағат 1.25-те жедел құтқару жасағының екі қызметкері олардың көмек шақырған дауысын естіп, дереу оқиға орнынан мотоқайық арқылы екеуін жағаға алып шыққан. Зардап шеккендер медициналық көмектен бас тартты, - деді департаментте. Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: