Көшеге дәрет сындырған жiгiттi қызылордалық полицейлер сотқа жалаңаяқ сүйреп әкелді
Zakon.kz
Полиция қызметкерлері күш қолданып, күдіктіні қызметтік көлікке отырғызбақ болған кезде Жұмағұлов оларға қол жүгірткен.
Көшеге дәрет сындырған жiгiттi қызылордалық полицейлер сотқа жалаңаяқ сүйреп әкелді, деп жазады stan.kz.
Еркiн Жұмағұловтың айтуынша тәртiп сақшылары заңға бағынбай, тiптi есiнен танып жатқан анасының үстiнен аттап, сотка жалаңаяқ апарыпты.
” Тойға барған жерімнен көшеде дәрет сындырдың деп көлiктерiне салып алып кеттi. Еш дәлелдерi жоқ. Арада бiр ай өткеннен кейiн сотқа сүйреп әкелдi. Алдын-ала сотқа повестка да келген жоқ. Аяқ астынан үйiмiзге баса көктеп келген полицейлердi көрiп анам есiнен танып қалды. Бірнеше полиция қызметкері үйдің ішіне аяқ киімдерімен кіріп, мені жұлқылап, жедел жәрдем қызметкерлерiне жұмыс жасауға мүмкiндiк бермедi”,- дейi Еркiн.
Сот шешiмiмен Еркiн қоғамдық орында әкiмшiлiк заң бұзушылық жасағаны үшiн 3 күн қамауға алынған. Бұл жазаға қоса, Сексеуiл кентi тұрғынының үстiнен полицейлерге қарсылық танытқаны үшiн қылмыстық iс қозғалып жатыр.
“Тәртіп сақшылары соңыма түсiп алды. Жан-жағымыздан қыспаққа алып жатыр. Бұлардан қалай құтылатынымды бiлмеймiн”,-дейдi ол.
Ал, Арал аудандық Ішкi iстёр бөлiмiнiң басшылары болса полицейлердің барлық әрекеті заңды деп отыр.
“Еркiн Жұмағұловқа соттан повестка барған. Ол хатты қабылдап алудан бас тартқан. Кейiн соттың ұйғарымымен мәжбүрлi түрде жеткізілді. Алдағы уақытта тәртiп сақшыларына қарсылық танытқаны үшiн және жарақаттағаны үшiн заң алдында жауап бередi”, – дедi жергiлiктi полиция қызметiнiң бастығы Әлтай Үмбеталиев.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, тойда жүрген Еркін Жұмағұлов сот залына барғысы келмейтінін айтқан. Полиция қызметкерлері күш қолданып, күдіктіні қызметтік көлікке отырғызбақ болған кезде Жұмағұлов оларға қол жүгірткен. Бір полиция қызметкерінің бетіне шапалақпен ұрған. Екіншісінің қолын тістеп алыпты.
Фото: imedi.fm
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript