Павлодар облысында ер адам полицейдің арқасынан бірнеше рет тістеп алды
Zakon.kz
Ер адамның әрекеті ҚР ҚК 380 бабы бойынша қаралды.
Павлодар облысында билік өкіліне қарсы күш қолданған ер адам айыпталып, ісі сотта қаралды. Бұл туралы stan.kz, Ертіс аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Қылмыстық іс материалы бойынша, алкогольді мас күйдегі ер адам басқа адам болып хабарласып Ертіс аудандық полиция бөлімшесіне жалған қоңырау шалады.
Полиция қызметкерлері келген бетте ол полицейлерге тұра ұмтылып, айқас кезінде оның арқасынан бірнеше рет тістеп алады. Содан кейін оқиға орынынан қашып кеткен.
“Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша зардап шегушінің денсаулығына аса қатты зиян келмеген. Ер адамның әрекеті ҚР ҚК 380 бабы бойынша қаралды. Ол қызметтік міндетін атқарпы жатқан билік өкіліне күш қолданғаны үшін айыпталды. Сот отырысында ер адам өз кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты,” – делінген хабарламада.
Фото: stan.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript