Астанада прокуратура қызметкеріне жол ережесін бұзғаны үшін 80 мың теңге айыппұл салынды
Zakon.kz
Тексеру барысында заңды Алматы прокуратурасы қызметкерінің бұзғаны анықталды.
Астаналық бір шенеунік парамен ұсталып жатқанда, прокуратура қызметкері жол жүру ережесін өрескел бұзып, көзге түсті. Құқық қорғау органының өкілі бола тұра, заң талабына пысқырмайтын қызметкердің әрекетін белсенді азамат видеоға түсіріп алған. Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы жазды.
Видео авторы Жеңіс даңғылының бойындағы автобустар аялдамасында тұрған көлікті көре сала, оны таспаға жазып, жүгенсіз жүргізушіні жауапқа тарту үшін видеоны полицейлерге жібермек болған. Сол сәтте, жолды рұқсат етілмеген жерден қиып өткен ер адамды байқап қалған. Прорурордың киімін киген азамат сол машинаға отырып, оқиға орнынан тайып тұрған.
Тексеру барысында заңды Алматы прокуратурасы қызметкерінің бұзғаны анықталды. Ол сот отырысына кешігіп келгендіктен, машинасын жолдың бойына қалай болса солай қоя салыпты. Үш бірдей жол ережесін бұзған оған 80 мың теңгеге жуық айыппұл салынған.
Фото: Today.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript