Атырау облысындағы сармат қорғандарынан құнды жәдігерлер табылды
Zakon.kz
Қорғандарға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген.
Атырау облысының студенттері сармат қорғанындағы қазба жұмыстарынан құнды дүниелерді тауып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«Археологиялық қазба жұмыстары Қарабау өңіріндегі сарматтар өмір сүрген кезеңде қалған қорғандардың орнында жүргізіліп жатыр. Қорғандардың бірінен үш мола табылды. Молалардан алтыннан және темірден жасалған бұйымдар, жебе ұштары, тұрмыстық керек-жарақтар табылды. Дәл осы қорғанда тағы бірнеше жерленген орындар бар деп болжап отырмыз», - дейді археологиялық топтың жетекшісі Марат Қасенов.
Биылғы жылы Атырау облысындағы археологиялық қазба жұмыстарына тұңғыш рет «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жасақталған отрядтар жұмылдырылып отыр.
Аталған өңірде сарматтар кезеңіне тиесілі барлық жиыны 100-ге жуық қорған бар.
Ол қорғандарға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген.
Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript