Ақтөбе соты отбасы мүшелерінің көзінше әкесі мен інісін өлтірген жігітті 22 жылға бас бостандығынан айырды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.08.2017 20:58 Zakon.kz
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Әкесі мен інісін пышақтап өлтірген Медет Тапаев 22 жылға бос бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласының 39 жастағы тұрғыны Медет Тапаев мас күйінде әкесі мен інісін өлтірді. Бүгін осы қылмыстық іске қатысты сот үкімі шықты.

«Медет Тапаев Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танылып, оған 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. №2 Ақтөбе қалалың сотының 2008 жылғы үкімі бойынша жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосып, Тапаевқа түпкілікті 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын түзету мекемесінде өтесін. Тапаевтың жазасының үш жыл мерзімін толық қауіпсіз мекемесінде өтеу бөлгіленсін. Маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделсін. Мемлекет пайдасына 1,2 миллион теңге өндірілсін», — деді Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Сабыров.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: gtrk.tv
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: