Павлодарда «Ұлы дала елі» этнофестивалі басталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.08.2017 02:41 Zakon.kz
Ертіс бойында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және шет елдегі қандастардың Отанға оралуына 25 жыл толуына байланысты «Ұлы дала елі» этнофестивалі басталды.

Ертіс бойында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және шет елдегі қандастардың Отанға оралуына 25 жыл толуына байланысты «Ұлы дала елі» этнофестивалі басталды, деп хабарлайды рavlodarnews.kz тілшісі.

Ауа райының салқындығына қарамастан, тұрғындар көптеп жиналуда. Көрермендерді сан түрлі қызықтарға толы бағдарлама күтіп тұр. 115 киіз үйден тұратын этноауылдың жанында жергілікті шығармашылық ұжымдар өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынып, қазақ халқының мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі кеңінен насихатталып көрсетілуде. Көрмеден қазақ ұлттық аспаптарын, көшпелі халықтың құралдарын, киіз үйдің ішкі жабдықтары мен зергерлік бұйымдарды тамашалауға болады.


- Биыл өңірімізде өтіп жатқан "Ұлы дала елі" фестивалі екі күн бойы тойланады, - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. - Мұндай ауқымды шаралардың өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру үшін маңызы зор. Фестивальді өткізу туралы идеяны мекемелер мен ұйымдар бірауыздан қолдап, белсенділікпен атсалысуда. Жыл сайын аталмыш шара тұрғындар арасында кеңінен танылуда. Бүгінде бұл фестиваль халықаралық деңгейде өтуде деп айтуға болады. Себебі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай және Моңғолия елдерінен арнайы делегаттар келген.


Барлық алаңдарда концерттер, көрме мен жәрмеңкелер және ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілуде.


Еске сала кетейік, ертең мереке аясында қонақтарға "Тұсаукесер" рәсімі және "Көпшелі халықтың бес ғасырлық киім үлгісі" атты 50 ұлттық киімдер көрсетілімі өткізіледі. Ұлттық киімдерді танымал JADO дизайнерлік орталығы дайындаған.


Суреттерді түсірген - Светлана Воронова

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: