ОҚО-да есірткі сатумен айналысқан 2 адам ұсталды
Zakon.kz
Шымкенттегі Ворошиловка елдімекенінде есірткі сатумен айналысқан азаматша мен тасымалдаушы азамат қамауға алынды.
Шымкенттегі Ворошиловка ауылы есірткі бизнесінің ордасына айналған. Полицейлер осы ауылды тексеру барысында есірткінің ауыр түрі – героин сатушыларды қолға түсірді, деп жазады Қазақстан-Шымкент телеарнасы.
Пакетке салынған 8 грамм ақ ұнтақ пен айғақты зат ретіндегі қомақты қаржы үй иелерінің көрпе-төсектері ішінен табылды.
Нұргелді Әбілов - Облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары
Шымкент қаласы Ворошиловка елдімекеніннде 1986 ж туылған Г.есімді азаматшасы есірткі затын сатты деген күдікпен үйін тексергенде 4 полиэтилен пакетпен есірткіге ұқсас зат тәркіленді.Сот сараптамасы нәтижесінде 4 г жуық заттың есірткі заты героин екені анықталды. Сонымен қатар сол үйде Ұсталған Р есімді азаматтың қалтасын тексергенде де 4 г героин табылды.
Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстың кодексінің 296 және 297 баптары бойынша айып тағылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Нұрмахана Кенжехан
Фото: baq.kz
Поделитесь новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript