ОҚО-да 9 жасар бала Қызылқұм каналына батып кетті
Zakon.kz
Рұқсат етілмеген жерге шомылған бала суға батып кетіпті.
Оңтүстік Қазақстан облысында 9 жасар бала Қызылқұм каналына батып кетті. Қайғылы жағдай Шардара ауданының Алатау ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
Облыстық ТЖД мәліметінше жеткіншек кешкі сағат бестер шамасында канал суына шомылған. Алайда рұқсат етілмеген жерге шомылған бала суға батып кетіпті.
Жанындағылар да құтқара алмаған. Болмаған соң, туыстары сүңгуірлерді шақыртады. Оқиға орнына жеткен 5 құтқарушы қайықпен іздестіріп, кешкі 19.20-да судан жасөспірімнің өлі денесін алып шыққан.
Айта кетейік, бүгінге дейін өңірде 31 адам суға кетіп, мерт болған. Оның 17-сі - кәмелет жасына толмаған балалар. Өткен жылы осы мерзімде судан ажал құшқандардың саны 42 адам болатын.
ТЖД қызметкерлері суға батқандардың азаюын құтқару жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілуі мен сақтық шараларын насихаттаудың арқасында мүмкін болып отыр дейді.
Фото: inform.kz
Поделитесь новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript